Президент орталығында Қазақстанның тарихи, мәдени және көркем мұрасы негізінде жасалған эксклюзивті авторлық бұйымдар ұсынылған сувенир дүкендері бар.
Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына белгілі қазақстандық шеберлердің сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары ұсынылады, оларда дәстүрлі пішіндер мен ою-өрнектер заманауи көркемдік тұрғыда қайта пайымдалған. Ассортиментке күмістен, теріден, ағаштан, металдан және басқа да материалдардан жасалған зергерлік әшекейлер, музыкалық аспаптар, ұлттық киім мен дәстүрлі ыдыс-аяқ элементтері кіреді. Әрбір бұйым мәдени дәстүрлермен байланысын сақтай отырып, заманауи авторлық дизайнның ерекшеліктерін де бейнелейді.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері негізінде орындалған тарихи карталардың көшірмелері, этнографиялық суреттемелердің репродукциялары, академиялық атластар жеке бағытты құрайды. Олар өткеннің көрнекі дереккөздеріне жүгінуге, қазақ халқының материалдық мәдениетінің тарихи бейнелері мен айғақтарын көз алдыға келтіруге мүмкіндік береді.
Мұнда Қазақстан Республикасы Президент орталығының рәміздері бар брендтелген өнімдер де ұсынылған: блокноттар, қаламдар, саптыаяқтар, бейсболкалар, футболкалар және т.б. Ықшам дизайн қолайлылық пен заманауи эстетиканы ұштастырып, Президент орталығымен танысудан алған әсерді сақтауға мүмкіндік береді.
Сувенир дүкендері музейдің және Қазақстанның тарихи карталар галереясының экспозициялық кеңістігінің табиғи жалғасы болып, тарихи мұра, заманауи өнер және ұлттық бірегейлік арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Сувенир дүкендері
VII–VIII ғасырларда өмір сүрген Батыс Түрік қағанатының көрнекті әскербасы әрі қолбасшысы Күлтегіннің бас киімінің реконструкциясы.
Бас киімнің бейнесі Моңғолиядағы Күлтегін мемориалдық кешеніне қатысты тарихи және бейнелеу дереккөздерін зерттеу негізінде қалпына келтірілген.
Көне түркі мәдениетінде бас киім костюмнің бөлігі ғана емес, әлеуметтік жағдайдың, биліктің және жауынгерлік мәртебенің маңызды белгісі де болған.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері негізінде орындалған тарихи карталардың көшірмелері, этнографиялық суреттемелердің репродукциялары және академиялық атластар.